Қазақстан FIS Кубогы кезеңінде екі алтын және бір қола жеңіп алды
Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында өткен трамплиннен секіруден FIS Кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар үш медаль алды. Данил Васильев пен Илья Мизерных алтын жүлдеге ие болды.
Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында трамплиннен секіруден өткен FIS Кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы үш медаль еншіледі.
Алғашқы жарыс күнінде Данил Васильев жеңіске жетті. Ол екі талпыныстың қорытындысы бойынша 258,4 ұпай жинап, австриялық Якоб Штайнбергерді (236,6) және польшалық Ян Галицаны (236,3) артта қалдырды.
Екінші күні де қазақстандықтар жүлде тұғырынан түспеді. Бұл жолы Илья Мизерных 267,4 ұпаймен топ жарды.
Данил Васильев 259,8 ұпаймен екінші орынды иеленді. Үздік үштікті Австрия өкілі Якоб Штайнбергер 244,5 ұпаймен түйіндеді.