Астана алғаш рет жүзуден әлем кубогының кезеңін қабылдайды
15–17 қазан аралығында Астанада алғаш рет жүзуден әлем кубогының кезеңі өтеді. Қазақстан астанасы Silk Road Tour сериясының шешуші бәсекесіне үй иесі болады.
15–17 қазан аралығында Астанада жүзуден әлем кубогының кезеңі алғаш рет өтеді. Бұл жарыс Қазақстанда бұрын-соңды ұйымдастырылмаған.
Астана Silk Road Tour сериясының соңғы кезеңін қабылдайды. Бұған дейін жарыс 1–3 қазан күндері Бакуде басталып, 8–10 қазан аралығында Ташкентте жалғасады.
Жарысқа ұлттық құрамалардың өкілдерімен қатар, белгіленген іріктеу нормативтерін орындаған клуб спортшылары да қатыса алады.
Үш турнирді қамтитын Silk Road Tour аясында 50-ден астам елден 750-ден көп жүзушінің бақ сынауы жоспарланған.