weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Үлкен теннис 16
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Польша басылымы Рыбакина мен Осака матчының Армстронгқа түскеніне таң қалды

US Open ұйымдастырушылары Елена Рыбакина мен Наоми Осака арасындағы кездесуді орталық емес, Луис Армстронг стадионында өткізеді. Польшадағы теннис басылымы бұл шешімді күмәнді деп бағалады.

Польша басылымы Рыбакина мен Осака матчының Армстронгқа түскеніне таң қалды Польша басылымы Рыбакина мен Осака матчының Армстронгқа түскеніне таң қалды
Sports.kz

Польшадағы Z kortu теннис басылымы US Open ұйымдастырушыларының Елена Рыбакина мен Наоми Осака арасындағы матчты орталық кортқа емес, Луис Армстронг стадионына қоюына таңданыс білдірді.

Басылым тараған ойын кестесінде Ига Швёнтек пен Чжэн Циньвэньнің кездесуі Артур Эш аренасына түскенін, ал Рыбакина мен Осака матчы Армстронг стадионында өтетінін атап өтті.

«Не күтпеген жағдай: Артур Эш стадионына Ига Швёнтек — Чжэн Циньвэнь матчы емес, Наоми Осака — Елена Рыбакина кездесуі түсуі керек емес пе?»

Бұл ойын жарыс күнінің ең назар аударарлық матчтарының бірі саналады. Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орында тұр, ал Наоми Осака US Open турнирінің екі дүркін чемпионы.

Екі теннисші бұған дейін Торонто турнирінде кездесіп, Рыбакина 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.

.

Көп оқылды:

.
.