Хоккей

IIHF 2027 жылғы әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының кестесін жариялады

Халықаралық хоккей федерациясы 2027 жылғы әлем чемпионатының ойын кестесін ресми түрде таныстырды. Қазақстан құрамасы Дюссельдорфта өтетін B тобында Чехия, Словакия, АҚШ, Дания, Канада, Норвегия және Венгриямен кездеседі.

Халықаралық хоккей федерациясы 2027 жылғы әлем чемпионатының күнтізбесін ресми жариялады. Турнир Германияның Дюссельдорф пен Мангейм қалаларында өтеді.

Қазақстан құрамасы B тобына түсті. Бұл топтағы матчтар Дюссельдорфтағы аренада өтеді. Қарсыластары — Чехия, Словакия, АҚШ, Дания, Канада, Норвегия және Венгрия құрамалары.

Қазақстанның әлем чемпионаты-2027-дегі ойын кестесі:

15 мамыр: Қазақстан — Чехия16 мамыр: Словакия — Қазақстан18 мамыр: Қазақстан — Дания19 мамыр: АҚШ — Қазақстан21 мамыр: Канада — Қазақстан22 мамыр: Норвегия — Қазақстан24 мамыр: Қазақстан — Венгрия

Турнир 13 мамырда басталып, 30 мамырдағы финалдық ойынмен аяқталады. Топтық кезең қорытындысы бойынша үздік төрт команда ширек финалға жолдама алады.