Хоккей

«Сарыарка» «Ақтөбені» 9:5 есебімен жеңді

Қазақстан чемпионатының қайта өткен кездесуінде қарағандылық «Сарыарка» «Ақтөбені» ірі есеппен ұтты. Матчта барлығы 14 шайба соғылды.

Қазақстан чемпионатының қайта өткен матчында қарағандылық «Сарыарка» «Ақтөбені» 9:5 есебімен жеңді.

Бірінші кезеңде Руслан Демин дубль авторы атанды, одан кейін Данила Карабань да қонақтар қақпасын дәл көздеді. «Ақтөбе» сапынан Алексей Козорез жауап қайтарды.

Екінші жиырма минуттықта «Сарыарқа» тағы қарқын үдетті: Данила Карабань дубльін толықтырды, Руслан Демин, Егор Смольянинов және Евгений Королинский де мергендік танытты. Қонақтар сапынан Максим Базанов пен Галиаскар Аипов шайба соқты.

Соңғы кезеңде Егор Смольяниновтың голына «Ақтөбеден» Михаил Калиниченко мен Владислав Плотников жауап берді. Осылайша матчта екі команда жалпы 14 шайба соқты.

10 қыркүйекте Қарағандыда «Сарыарка» Өскеменнің «Торпедосын» қабылдайды, ал 11 қыркүйекте «Ақтөбе» өз алаңында көкшетаулық «Арланмен» кездеседі.