weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Футбол 16
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

КПЛ-дің қос туры: «Кайрат» алға шықты, «Ордабасы» сүрінді

Премьер-лиганың 6 және 25-туры ел чемпионатындағы тартысты күшейтті. «Кайрат» ірі жеңіске жетіп, «Ордабасы» сырт алаңда ұпай жоғалтты, ал «Астана» «Елімайды» тізе бүктірді.

КПЛ-дің қос туры: «Кайрат» алға шықты, «Ордабасы» сүрінді КПЛ-дің қос туры: «Кайрат» алға шықты, «Ордабасы» сүрінді
Sports.kz

Премьер-лиганың 6 және 25-турындағы матчтар ел чемпионатындағы тартысты одан әрі күшейтті. Бұл ойындарда «Кайрат» айқын жеңіске жетсе, «Ордабасы» күтпеген жерден сүрінді, ал «Астана» «Елімайға» мүмкіндік қалдырмады.

«Каспий» — «Кайрат» 0:3 кездесуінде алматылықтар алғашқы минуттардан-ақ басымдықты өз қолына алды. Бәйбек 4-минутта есеп ашты, Эдмилсон 44-минутта айырманы ұлғайтты, ал Мрынский 61-минутта соңғы нүктені қойды.

Бұл нәтижеден кейін «Кайрат» чемпиондық үшін күресте маңызды ұпайларды иеленді. Ал «Каспий» сапында бірқатар жетекші ойыншылардың алаңға шыға алмауы матч барысына әсер етті.

«Окжетпес» — «Ордабасы» 2:1 матчында шымкенттік клуб үзіліске дейін алда болғанымен, басымдықты ұстап тұра алмады. Йонсен 14-минутта қонақтарды алға шығарған еді, бірақ Бурибаев 49-минутта пенальтиден таразы басын теңестірді, ал Де Ассунсау 81-минутта жеңіс голын соқты.

Осылайша, чемпиондыққа апарар жолда аса маңызды ұпайлардан айырылған «Ордабасы» турнир кестесіндегі жағдайын күрделендіріп алды. Ал «Окжетпес» өз алаңында жігерлі ойын көрсетіп, камбэк жасады.

«Жетісу» — «Иртыш» 1:0 ойынында жалғыз голды Зиванович 62-минутта соқты. Қонақтар сапынан Мужиков 45+5-минутта алаңнан қуылды.

«Актөбе» — «Жеңіс» 1:0 матчында шешуші допты Шушеначев 82-минутта енгізді. Ал «Қызылжар» — «Атырау» 0:1 кездесуінде Рабиу 87-минутта жеңіс голын соқты.

.

Көп оқылды:

.
.