weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Жаңалықтар 11
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Астана» шабандозы «Вуэльта Испанияның» 15-кезеңінде екінші болды

«Вуэльта Испания» көпкүндігінің 15-кезеңінде «Астана» сапындағы Алессандро Ромеле мәреге екінші болып келді. Кезеңді Ваут Ван Арт жеңіп алды.

«Астана» шабандозы «Вуэльта Испанияның» 15-кезеңінде екінші болды «Астана» шабандозы «Вуэльта Испанияның» 15-кезеңінде екінші болды
Sports.kz

«Вуэльта Испания» көпкүндігінің 15-кезеңі Пальма-дель-Рио — Кордова бағытымен өтіп, 110,2 шақырымға созылды. Бұл кезеңде «Астана» велокомандасының өкілі Алессандро Ромеле екінші орын алды.

Мәреге бірінші болып бельгиялық Ваут Ван Арт («Visma | Lease a Bike») жетті. Ол қашықтықты 2 сағат 35 минутта бағындырды. Үшінші орын бельгиялық Тибо Нысқа («Lidl — Trek») бұйырды.

«Астана» сапындағы өзге шабандоздардың арасынан эритреялық Хенок Мулюбырхан сегізінші орынды иеленді. Ол жеңімпаздан 58 секунд қалып қойды. Испаниялық Кристиан Родригес 54-орынға тұрақтаса, колумбиялық Харольд Техада 61-орынмен шектелді.

Итальялық Лоренцо Фортунато 92-орын алды, ал Қазақстан өкілі Евгений Федоров 93-орында мәреге жетті. Нидерландиялық Даррен Ван Беккум 146-орынға жайғасты.

Жалпы есепте көш басында испаниялық Энрик Мас («Movistar») келеді. Екінші орында австриялық Феликс Галль («Decathlon CMA CGM»), ал үшінші сатыда словениялық Примож Роглич («Red Bull — BORA — hansgrohe») тұр. «Астананың» ең үздік өкілі — Кристиан Родригес, ол жалпы есепте сегізінші орында.

.

Көп оқылды:

.
.