Үлкен теннис

Швентек пен Соболенко US Open тарихында сирек жетістік қайталады

Ига Швентек пен Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына өтіп, әйелдер арасындағы жекелей сында бұрын соңды сирек тіркелген нәтижені қайталады. Екі теннисші де Нью-Йорктегі турнирде алтыншы рет қатарынан 1/8 финалға жолдама алды.

Польшалық теннисші Ига Швентек пен әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатында төртінші айналымға өтіп, ерекше жетістікті қайталады.

Екеуі де Нью-Йорктегі турнирде алтыншы рет қатарынан 1/8 финалға жолдама алды. Мұндай тұрақтылық әйелдер арасындағы жекелей сында соңғы 20 жылда тіркелмеген.

Соңғы рет мұндай көрсеткіш 2001-2006 жылдар аралығында байқалған. Ол кезде Амели Моресмо, Жюстин Энен және Линдсей Дэвенпорт алты жыл қатарынан US Open-де төртінші айналымға дейін жеткен.

Үшінші айналымда Соболенко ресейлік Камилла Рахимованы 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Ал Швентек чехиялық Мари Боузкованы екі тай-брейкте басым түсіп, 7:6 (7:3), 7:6 (7:3) есебімен ұтты.

Соболенко — US Open-нің қазіргі чемпионы. Ол турнирде 2024 және 2025 жылдары қатарынан жеңіске жетті. Швентек бұл жарыстың титулын 2022 жылы иеленген.