Испанияның төртінші турындағы ойында «Барселона» сырт алаңда «Валенсияны» 5:0 есебімен тас-талқан етті. Кездесу Валенсиядағы «Месталья» стадионында өтті.
Каталондықтар сапынан Ламин Ямаль 6- және 84-минуттарда гол соқты. Сондай-ақ Фермин Лопес 22-минутта, Рафинья 50-минутта, ал Педри 79-минутта көзге түсті.
Осы жеңістен кейін «Барселонаның» еншісінде 12 ұпай бар. Команда төрт турдан кейін Испания чемпионатының жеке көшбасшысына шықты.
Мадридтің «Реалы» әзірге 9 ұпай жинап, екінші орында келеді. Ал «Валенсия» төрт матчтан кейін бір ғана ұпаймен соңғы, 20-орында тұр.