Хоккей

НХЛ-де тәжірибесі бар ойыншы «Барысқа» ауысты

Майкл Маклауд «Барыс» қатарын толықтырды

"Барыс" хоккей клубы шабуылшы Майкл Маклаудпен бір жылдық келісімшартқа отырды. Бұл туралы Dopmedia.kz ҚХЛ-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Майкл Маклаудтың "Нью-Джерси Дэвилз" клубымен келісімшарты аяқталған болатын, оның жалақысы 1,4 миллион АҚШ доллары. Өткен маусымда Майкл Маклауд НХЛ-дың 45 матчында 19 (10+9) ұпай жинады. Жалпы алғанда, ол лигада 287 ойын өткізіп, 85 (29+56) ұпай жинаған.

Өткен маусымда "Барыс" ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында соңғы, 12-ші орынды иеленіп, плей-оффқа шыға алмады. Елордалық клуб 68 матчта 50 ұпай жинап, лигадағы ең аз шайба соққан командалардың бірі болды (137 шайба).