Үлкен теннис

Елена Рыбакина US Open-да үшінші айналымға өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінде испаниялық Джессика Бусас Манейродан 6:2, 6:4 есебімен басым түсті. Сарапшылар оның ойынын сенімді деп бағалап, келесі кездесуін менталдық сынаққа балап отыр.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турниріндегі екінші ойынында испаниялық Джессика Бусас Манейродан 6:2, 6:4 есебімен басым түсті. Қазіргі таңда әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Рыбакина тағы бір сенімді жеңіске жетіп, жарысты жалғастырды.

Теннис сарапшысы Арина Полуянова қазақстандық спортшының ойынына жоғары баға берді. Оның айтуынша, Рыбакина турнирде әзірге трофейге бастайтын жолда сенімді қадам жасап келеді.

«Подача — роскошь. Приём — позавидуешь. Справа летит пушечно. И Елена сама особо проблем себе на пустом месте не создаёт — это тоже важно отметить», — деді маман.

Полуянова алдағы матчтың негізгі салмағы физикалық емес, психологиялық тұрғыдан сезілуі мүмкін екенін де атап өтті. Оның пікірінше, Рыбакина толыққанды қалыпта, ал келесі кездесуінде менталдық тұрғыдағы сынақ күтіп тұр.

Осы жеңістен кейін Елена Рыбакина US Open-нің үшінші айналымына шықты. Онда ол әлемдік рейтингте 58-орында тұрған Украина өкілі Юлия Стародубцевамен кездеседі.