Шығыс Қазақстан облысының 51 жастағы мұғалімі Аяш Қабдоллаева VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында дәстүрлі садақ атудан алтын медаль жеңіп алды.
Нәтиже жарияланған сәтте қазақстандық спортшы қуаныштан көз жасын тыя алмады. Оның жеңіс сәті түсірілген видео да тарады.
Аяш Қабдоллаева үлкен спортқа ересек жасында келген. Өткен жылы ол Оңтүстік Кореяда өткен әлем кубогында дәстүрлі садақ атудан чемпион атанған еді.
Спортшының педагогикалық саладағы еңбек өтілі — 30 жыл. VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындары Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатыр.