Қазақстанның күрестен Азия ойындарына қатысатын құрамы жарияланды
2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан күрес құрамасы 18 спортшымен бақ сынайды. Команда сапында Ризабек Айтмұхан, Нұрқожа Қайпанов, Демеу Жадраев және Жәмилә Бақбергенова бар.
2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарына Қазақстанның күрес құрамасы ресми түрде жарияланды. Жиынтық тізімге үш бағдарлама бойынша сынға түсетін 18 спортшы енді.
Құрамда ел құрамасының көшбасшылары саналатын Ризабек Айтмұхан, Нұрқожа Қайпанов, Демеу Жадраев және Жәмилә Бақбергенова бар.
Грек-рим күресі: 60 кг — Ернұр Фидахметов, 67 кг — Мейіржан Шермаханбет, 77 кг — Демеу Жадыраев, 87 кг — Шамиль Ожаев, 97 кг — Ислам Евлоев, 130 кг — Олжас Сырлыбай.
Еркін күрес: 57 кг — Нұрданат Айтанов, 65 кг — Начын Куулар, 74 кг — Нұрқожа Қайпанов, 86 кг — Азамат Даулетбеков, 97 кг — Ризабек Айтмұхан, 125 кг — Едіге Қасымбек.
Әйелдер күресі: 50 кг — Зейнеп Баянова, 53 кг — Шұғыла Өмірбек, 57 кг — Нилуфар Раимова, 62 кг — Ирина Кузнецова, 68 кг — Жәмилә Бақбергенова, 76 кг — Эльмира Сыздыкова.
Азия ойындары Айти-Нагоя префектурасында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Күрес жарыстары 30 қыркүйек пен 3 қазан күндері ұйымдастырылады, ал бұл спорт түрінде барлығы 258 спортшы үш дисциплина бойынша бақ сынайды. Әйелдер арасындағы белдесулер турнирдің әр күнінде өтеді.