Күрес

Валентина Шевченко UFC чемпионы атағынан бас тартты

UFC-дің әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі бос қалды. Енді вакантты титул үшін Наталия Силва мен Ван Конг жұдырықтасады.

UFC-дің әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақтағы чемпионы Валентина Шевченко өз белбеуінен бас тартты. Бұл туралы инсайдер Рубен Картер хабарлады.

Соның нәтижесінде UFC 332 турнирінің басты жекпе-жегі өзгерді: вакантты титул үшін бразилиялық Наталия Силва мен Ван Конг кездеседі.

Картердің мәліметінше, Шевченко чемпиондық белбеуін босатқаннан кейін, дәл осы айқас турнирдің негізгі жекпе-жегіне айналған.

Шевченко UFC тарихындағы ең көп чемпиондық белбеу қорғаған спортшылардың бірі саналады — ол титулын қатарынан 7 рет сақтап қалған. Бұған қоса, ол муай-тай мен кикбоксингтен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы.

Қырғызстанның Бішкек қаласында туған спортшы күзде UFC 332-де Наталия Силваға қарсы белбеуін қорғауы керек еді. Алайда қыркүйекте жаттығу кезінде алған тізе жарақатына байланысты жекпе-жектен шет қалды.