Бокс

Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке дайындық жоспарын айтты

Қазақстандық боксшының басты мақсаты — Сауль «Канело» Альвареспен қолғап түйістіру. Ол алдымен өзінен бұрынғы міндетті орындап, кейін мексикалық чемпионға шығуды көздеп отыр.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының айтуынша, оның басты мақсаты — Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізу. Ол мексикалық жұлдызды алдын ала зерттеп қойғанын да жасырмады.

Әлімханұлының сөзінше, алдымен ол Хамза Ширазбен қолғап түйістіріп, оның белбеуін тартып алуды қалайды. Содан кейін ғана екінші орта салмақта чемпион атанып, «Канелоға» қарсы шығуды жоспарлап отыр.

«Біздің мақсатымыз сол орта салмақта “Канеломен” жұдырықтасу болатын. Белбеулерді біріктіргіміз келеді. Ал содан кейін, Құдай қаласа, “Канелоның” соңынан ереміз де, онымен жекпе-жекке шығамыз», — деді Жәнібек.

Боксшы бұрын да өзіне сенім білдіріп, «Канелоны» нокаутқа түсіру мүмкіндігін айтқанын еске салды. Оның айтуынша, мұндай сөздер қарсыласын кемсіту үшін емес, өз мүмкіндігіне деген сенімнен туған.

Әлімханұлы сондай-ақ мексикалық спортшының тәсілдері жақсы зерттелгенін атап өтті. Ол «Канелоның» соққыны қай жағынан және қалай қайталайтынын біліп отырғанын, мұны Биволмен және Скуллмен кездесулерінен де көргенін айтты.