Қазақстан көкпарда Ресейден 14:1 есебімен айқын басым түсті
Бішкекте өтіп жатқан Көшпенділер ойындарында Қазақстан көкпар құрамасы алғашқы кездесуінде Ресейді ірі есеппен жеңді. Матч 14:1 есебімен аяқталды.
Бішкекте өтіп жатқан Көшпенділер ойындарында Қазақстанның көкпар құрамасы алғашқы кездесуін өткізіп, Ресей командасынан 14:1 есебімен басым түсті.
Қазақстандықтар бұл додаға осы жарыстың қазіргі чемпионы ретінде қатысып отыр. Соған байланысты құрама алғашқы турды өткізіп жіберген еді. Ал Ресей өз кезегінде бірінші турда Венгрияны 11:1 есебімен ұтқан болатын.
Топтық кезеңдегі соңғы матчтар 4 қыркүйекте өтеді. Сол ойындар плей-оффқа шығатын командаларды анықтайды.
Жүлделер сарапқа салынатын финалдық кездесулер 6 қыркүйекке жоспарланған.