Белгілі америкалық журналист Дэн Рафаэль Геннадий Головкиннің АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін еске алып, қазақстандық боксшының сол кездегі өнеріне жоғары баға берді.
Рафаэль өз жазбасында Головкиннің HBO арнасындағы және АҚШ-тағы дебюті ерекше өткенін атап өтіп, сол кеште «үлкен Геннадий Головкин» Гжегож Проксаға қарсы айқаста үш мәрте нокдаунға жіберіп, WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғағанын жазды.
«Менің бокс жинағымдағы постер — дәл сол кештен. Ұлы Геннадий Головкин АҚШ-та және HBO арнасында сенсациялық дебют жасап, біржақты өткен жекпе-жекте претендент Гжегож Проксаға үш мәрте нокдаун жасады және WBA чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Дәл 14 жыл бұрын», — деп жазды журналист Instagram парақшасында.
Еске салайық, Головкин мен Прокса арасындағы жекпе-жек 2012 жылғы 2 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Верона қаласында өтті. Ол кезде Головкиннің кәсіби рингтегі көрсеткіші 23-0, ал Проксанікі 28-1 болатын.
Айқас бесінші раундта техникалық нокаутпен қазақ боксшысының жеңісімен аяқталды. Қазір Геннадий Головкиннің рекорды — 42-2-1, 37 КО. Ол соңғы рет рингке төрт жыл бұрын шыққан, алайда кәсіби мансабын аяқтағанын әлі ресми түрде мәлімдеген жоқ.