Үлкен теннис

US Open: Тейлор Таунсенд Тайла Престонды 48 минутта ойсырата жеңді

Америкалық Тейлор Таунсенд АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында австралиялық Тайла Престонды екі сетте ұтты. Кездесу небәрі 48 минутқа созылып, есеп 6:1, 6:1 болды.

Америкалық теннисші Тейлор Таунсенд АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында австралиялық Тайла Престонды ірі есеппен жеңді.

Таунсенд матчты толық бақылауда ұстап, қарсыласына екі сетте де бір-бірден ғана гейм берді — 6:1, 6:1.

Кездесу ұзақтығы бар болғаны 48 минутты құрады.

Осы жеңістен кейін Таунсенд жарыстың үшінші айналымында Ресей өкілі Диана Шнайдермен кездеседі.

Айта кетейік, US Open-2026 жарысында бұған дейін қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да табысты бастама жасады. Рыбакина америкалық Тея Фродинді, ал Путинцева Белинда Бенчичті жеңген болатын.