Бибисара Асаубаева ФИДЕ-нің жаңартылған әлем рейтингінде бесінші орын алды
Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева ФИДЕ-нің 2026 жылғы қыркүйекке арналған жаңартылған әлемдік рейтингінде бесінші сатыда қалды. Оның қоржынында 2536 ұпай бар.
Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясы жариялаған 2026 жылғы қыркүйекке арналған жаңартылған әлемдік рейтингте бесінші орынға жайғасты.
Асаубаеваның еншісінде 2536 рейтингтік ұпай бар. Жаңартылған тізімде ол екі ұпай жоғалтты. Дәл осындай көрсеткіш Қытайдың Тан Чжунъиі мен Ресейдің Александра Горячкинасына да тиесілі. Тан Чжунъи үш саты жоғары көтерілсе, Горячкина тізімде сол деңгейде қалды.
Әлем рейтингінің көшін 2596 ұпайы бар қытайлық Хоу Ифань бастап тұр. Екінші орында оның отандасы Цзюй Вэньцзюнь келеді, оның көрсеткіші — 2553 ұпай. Үшінші сатыда тағы бір қытай шахматшысы Лэй Тинцзе орналасқан — 2552 ұпай.
Асаубаеваның соңғы ірі жарысы Францияның Сен-Тропе қаласында 24-26 тамыз аралығында өткен WR Women’s Chess Tour 2026 элиталық сериясының Еуропа кезеңі болды. Ол рапидте жеңіске жетіп, блицте финалға дейін жетіп, турнирді екінші орынмен аяқтады. Осы нәтиже оған Гранд-финалға жолдаманы мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.