«Бернли» бас бапкері Ники Хайен шабуылшы Зиан Флеммингтің клубтан кетуі мүмкін деген әңгімеге қатысты пікір білдірді.
Хайеннің айтуынша, трансфер терезесі жабылғанға дейін клубтар өзара келіссөз жүргізе береді. Оның сөзінше, әр ойыншының бағасы бар, ал Флеммингке қызығушылық танытып отырғандар бар.
«Әрине, Зианға қызығушылық бар. Бірақ соңында ол қалады ма, әлде кетеді ме — соны білеміз. Егер кетсе, бізге оның орнын толтыруға тура келеді. Біз әрдайым түрлі нұсқаларды пысықтап отырамыз, сондықтан бір ойыншы кетсе, оның орнына келетін футболшылар тізіміміз бар. Бұл — қалыпты жұмыс үдерісі», — деді бапкер.
Хайен Флеммингтің команда үшін өте маңызды ойыншы екенін де атап өтті. Оның айтуынша, клуб оны сақтап қалуды құп көреді, алайда жоғары деңгейде ойнауға ұмтылатын футболшыға белгілі бір баға қойылған.
Transfermarkt.de Зиан Флеммингтің құнын 12 миллион еуро деп бағалап отыр. Айта кетейік, «Бернлиде» шабуыл шебінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сатпаев та өнер көрсетеді.