weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Жаңалықтар 11
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасы алдында төртінші нөмірлі команда атанды

Қазақстанның әйелдер құрамасы 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы алдында ФИДЕ рейтингінде төртінші орынға жайғасты. Команданың орташа рейтингі 2421 ұпайға тең.

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасы алдында төртінші нөмірлі команда атанды Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасы алдында төртінші нөмірлі команда атанды
Sports.kz

Қазақстанның әйелдер шахмат құрамасы 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасы қарсаңында төртінші нөмірлі команда болып тіркелді.

ФИДЕ жариялаған рейтингте қазақстандық шахматшылардың орташа көрсеткіші 2421 ұпайды құрады. Бұл нәтиже команданы турнирге қатысатын барлық құрамалардың ішінде төртінші орынға шығарды.

Қазақстаннан жоғарыда Үндістан — 2476, Грузия — 2449 және Қытай — 2432 тұр. Бесінші орынға 2413 ұпаймен АҚШ құрамасы жайғасты.

Алғашқы 16 құраманың тізімінде Қазақстаннан кейін Украина, Әзербайжан, Польша, Франция, Германия, Сербия, Нидерланд, Өзбекстан, Швейцария, Болгария және Армения орналасқан.

Самарқандта өтетін шахмат Олимпиадасында Қазақстан сапында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Эльназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиқызы ойнайды. Команданың капитаны — Павел Коцур.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте бесінші, ал Алуа Нұрман жасөспірім шахматшылар арасында үшінші орында тұр.

.

Көп оқылды:

.
.