«Панатинаикос» Грекия чемпионатының екінші турында «Левадиакосты» 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Кездесудің 3-минутында «Левадиакос» қорғаушысы Иоаннис Кости допты өз қақпасына енгізіп алды. Ал 77-минутта Сирил Дессерс Афины клубының екінші голын соқты.
Осылайша, «Панатинаикос» чемпионаттағы маусымын жеңіспен ашты. Команда алғашқы турды еурокубок іріктеуіндегі қатысуына байланысты өткізіп алған еді.
Афинылықтар тамыз айында ЦСКА 1948 бен «Градец-Краловені» ұтып, Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған болатын.
Айта кетейік, «Панатинаикос» алматылық «Қайраттың» Конференциялар лигасындағы жалпы кезеңдегі қарсыластарының бірі. Екі команда 22 қазанда Қазақстанда кездеседі.