Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев Стамбулда өткен бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен ACBJJ 22 турнирінде титул иеленді.
24-3 нәтижесі бар Алмабаев 60 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен (13-0) шешуші белдесу өткізді. All-Stars Title Match мәртебесіндегі айқас No-Gi ережесімен өтті және қазақ спортшысының төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңісімен аяқталды.
Асу Алмабаев бұған дейін де шаршы алаңға шығып жүрген еді. Өткен аптада ол RAF 12 турнирінде америкалық Джонни ДиДжулиустан бірінші жарым минуттың ішінде жеңіліп қалған.
Ал оның ММА-дегі соңғы ресми жекпе-жегі маусым айында өтті. Сол кезде Алмабаев АҚШ өкілі Чарльз Джонсонды үшінші раундта сабмишнмен жеңген болатын.