weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Үлкен теннис 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Джокович US Open-2026 турнирін алғашқы айналымда аяқтады

Новак Джокович АҚШ ашық чемпионатының бірінші айналымында аргентиналық Мариано Навонеден бес сетте жеңіліп, жарысты сенсациялық түрде аяқтады. Кездесу 4 сағат 40 минутқа созылды.

Джокович US Open-2026 турнирін алғашқы айналымда аяқтады Джокович US Open-2026 турнирін алғашқы айналымда аяқтады
Sports.kz

Әлемдік теннистің жұлдызы Новак Джокович АҚШ ашық чемпионатының бірінші айналымында аргентиналық Мариано Навонеге есе жіберді. Серб спортшысы матчқа 5-орынмен, ал Навоне 49-орынмен шыққан еді.

Кездесу ауыр тартыспен өтіп, бес сетке созылды. Нәтижесінде Джокович 6:7 (5:7), 7:5, 6:4, 2:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Ойынның жалпы ұзақтығы 4 сағат 40 минут болды. Осылайша, 24 мәрте «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпионы атанған Джокович US Open жарысын ерте аяқтады.

Ал Мариано Навоне екінші айналымға өтті. Онда ол Италия өкілі Маттео Берреттини мен Швейцария теннисшісі Стэн Вавринка арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы 5 500 000 доллар табыс тауып, 2000 рейтинг ұпайына ие болады.

.

Көп оқылды:

.
.