Қазақстанның соккадан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде ең көп гол соққан команда мәртебесін сақтап тұр. Турнир Германияның Эссен қаласында өтіп жатыр.
Алғашқы ойын күндерінен кейін Қазақстан құрамасы екі матчта 21 гол соғып, жеке-дара көш бастады. Ең жақын ізбасары — Испания, оның еншісінде 15 гол бар.
Үздік бестікте сондай-ақ Канада мен Бразилия орналасқан — екеуінде де 14 голдан. Грузия 9 голмен бесінші орында келеді.
Чемпионат 28 тамызда ресми түрде басталды. Бірінші турда қазақстандықтар Ирак құрамасын 13:1 есебімен ойсырата ұтса, екінші ойында Түркияны 8:1 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан құрамасының келесі матчы 1 қыркүйекте Бельгияға қарсы өтеді.