ФИФА президенті Джанни Инфантино Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиға ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауына байланысты жылы лебізін білдірді.
Инфантиноның айтуынша, Мессидің халықаралық деңгейдегі жолы миллиондаған жанкүйерге шабыт беріп, әсем ойын туралы түсінікті өзгертті. Ол аргентиналық футболшының 2022 жылғы әлем чемпионы атанғанын, Аргентина құрамасының матч саны мен голдарының рекордшысы екенін, сондай-ақ әлем чемпионаттары тарихындағы ең көп матч өткізген ойыншы екенін атап өтті.
«Талант пен қарапайымдылық ұмытылмайды», — деп жазды ФИФА басшысы.
Инфантино Мессиге Аргентина жейдесіндегі ұмытылмас сәттері үшін алғыс айтып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерді біріктіргені үшін ризашылығын жеткізді.
39 жастағы Месси бүгін Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Ол ұлттық құрама сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соқты және 68 нәтижелі пас берді. 2026 жылғы турнирде 8 матчқа қатысып, 8 гол соғып, 4 голдық пас берген Месси командасымен бірге финалға дейін жетті.
Оның халықаралық мансабындағы басты жетістіктері қатарында 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жеңіс, 2021 және 2024 жылғы Америка кубоктары, сондай-ақ 2022 жылғы Финалиссима бар.