Баскетбол

Қазақстан құрамасы Қырғызстанды ұтып, Азия кубогы іріктеуінде жеңіске жетті

Қазақстанның ерлер құрамасы Азия кубогы-2029 іріктеуінің бірінші раундындағы үшінші матчында Қырғызстанды жеңді. Кездесу Алматыда өтіп, қазақстандықтар 88:67 есебімен басым түсті.

Қазақстанның ерлер құрамасы баскетболдан Азия кубогы-2029 іріктеу кезеңіндегі үшінші ойынын өткізді.

Алматыда өткен кездесуде ұлттық құрама Қырғызстан командасын 88:67 есебімен жеңді. Кезеңдер бойынша есеп: 23:18, 26:13, 25:18, 14:18.

Іріктеудің алғашқы ойынында қазақстандықтар Мальдив құрамасын 114:43 есебімен ойсырата ұтса, екінші матчта Палестинаға 67:80 есебімен есе жіберді.

Енді Қазақстан құрамасы В тобындағы келесі кездесуін Шри-Ланкаға қарсы өткізеді.

Іріктеудің екінші кезеңіне топтағы үздік үш команда жолдама алады. Финалдық турнир 2029 жылдың ақпан айында өтеді.