«Қайрат» бразилиялық ойыншымен қоштасты
Алматылық «Қайрат» бразилиялық әмбебап ойыншы Игор Кариоканың командадан кеткенін хабарлады. Ол клуб сапында бір маусымда 18 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пас берді.
Алматылық «Қайрат» бразилиялық әмбебап ойыншы Игор Кариоканың (Игор Карвалью да Роша) командадан кеткенін жариялады.
Клуб оның шеберлігі мен алаңдағы жанкешті еңбегін ерекше атап өтті. Команда жазбасында Кариоканың техникасы мен ойынға деген берілісі ұмытылмайтыны айтылды.
Игор Кариока биыл қаңтарда бразилиялық «Коринтианстан» келіп, «Қайратпен» бір жарым жылдық келісімшартқа қол қойған еді.
Қазақстанға ол маусымның ең атақты жаңа ойыншыларының бірі ретінде келген. Бұған дейін Кубок Либертадорес, Италия Суперкубогын ұтып, Бразилияның бірнеше штатының чемпионы атанған.
Өткен маусымда Кариока «Қайрат» сапында барлық турнирде 18 матч өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.