Асу Алмабаев Халим Назрулоевпен жекпе-жек алдындағы көз түйістірді
Қазақ спортшысы Асу Алмабаев Стамбұлда өтетін титулдық кездесудің алдында Халим Назрулоевпен дәстүрлі көз түйістіру рәсіміне қатысты. Қосымша айқас 30 тамызда ACBJJ 22 турнирінде өтеді.
Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев (24-3) тәжікстандық Халим Назрулоевке (13-0) қарсы өтетін титулдық кездесудің алдында дәстүрлі көз түйістіру рәсіміне қатысты.
Екі спортшының жекпе-жек алдындағы сәті бейнежазбаға түсіп, жарияланды.
Алмабаев пен Назрулоев 30 тамызда Түркияның Стамбұл қаласында бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен өтетін ACBJJ 22 турнирінде кездеседі.
Бұл айқас All-Stars Title Match мәртебесінде өтеді және No-Gi ережесі бойынша, яғни кимоносыз ұйымдастырылады.
Еске салайық, өткен аптада Алмабаев RAF 12 турнирінде еркін күрестен АҚШ спортшысы Джонни ДиДжулиуске бір жарым минутта есе жіберген еді.