«Колорадо Эвеланш» клубының қорғаушысы Кейл Макар жаңа келісімшартқа қол қойып, ҰХЛ тарихындағы ең қымбат шарттардың біріне ие болды.
27 жастағы канадалық хоккейшінің келісімі сегіз маусымға есептелген. Жалпы сомасы 163,2 миллион долларды құрайды. Осылайша, Макараның жылдық орташа жалақысы 20,4 миллион долларға жетіп, ҰХЛ үшін жаңа рекорд орнатады.
Бұл келісім 2027/28 маусымынан бастап күшіне енеді. Макар ҰХЛ тарихында маусымына орташа жалақысы 20 миллион доллардан асқан алғашқы хоккейші болады.
Бұған дейінгі рекорд «Сан-Хосе Шаркс» шабуылшысы Маклин Селебриниге тиесілі еді. Оның жылдық табысы 18,8 миллион доллар болатын.
Өткен тұрақты чемпионатта Макар 75 матч өткізіп, 79 (20+59) ұпай жинады және «+40» пайдалы көрсеткішіне қол жеткізді. Ол «Колорадомен» бірге Президент кубогын жеңіп алды.
Макардың жеке жетістіктері де аз емес: ол 2022 жылы Стэнли кубогын иеленді, 2022 және 2025 жылдары екі рет «Норрис Трофидің» иегері атанды. Сондай-ақ «Конн Смайт Трофи» мен «Колдер Трофи» жүлделерін де жеңіп алған.