Жаңалықтар

Мария Бровкова әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстандық ескекші Мария Бровкова Польшадағы Познань қаласында өткен әлем чемпионатында каноэ-одиночка 500 метр қашықтықта бесінші орын алды. Ол мәреге 02:06.33 уақыт көрсеткішімен жетті.

Қазақстан құрамасының өкілі Мария Бровкова Польшадағы Познань қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік бестіктің қатарына енді.

Қайықпен есу сайысында каноэ-одиночка 500 метр қашықтықтың финалында өнер көрсеткен спортшы мәреге 02:06.33 уақытпен жетіп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.

Жеңіс канадалық София Дженсенге бұйырды — 02:00.78. Екінші болып Венгриядан Агнес Анна Кис келді — 02:02.80. Үздік үштікті Беларусь өкілі Алёна Ноздрева түйіндеді — 02:04.80.

29 тамыз күні Бровкова мен Ульяна Киселева каноэ-екілік 200 метрге жарыстың финалында бақ сынайды.

Кеше Сергей Емельянов каноэ-одиночка 200 метр қашықтықта жетінші орын алған еді.

Осылайша, Қазақстан бұл әлем чемпионатын елеулі нәтижемен жалғастырып отыр.