Қазақстан құрамасының өкілі Мария Бровкова Польшадағы Познань қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік бестіктің қатарына енді.
Қайықпен есу сайысында каноэ-одиночка 500 метр қашықтықтың финалында өнер көрсеткен спортшы мәреге 02:06.33 уақытпен жетіп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.
Жеңіс канадалық София Дженсенге бұйырды — 02:00.78. Екінші болып Венгриядан Агнес Анна Кис келді — 02:02.80. Үздік үштікті Беларусь өкілі Алёна Ноздрева түйіндеді — 02:04.80.
29 тамыз күні Бровкова мен Ульяна Киселева каноэ-екілік 200 метрге жарыстың финалында бақ сынайды.
Кеше Сергей Емельянов каноэ-одиночка 200 метр қашықтықта жетінші орын алған еді.
Осылайша, Қазақстан бұл әлем чемпионатын елеулі нәтижемен жалғастырып отыр.