Бокс

Санжар Тәшкенбай кәсіби бокстағы дебютінен кейін мәлімдеме жасады

Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Астанада өткен IBA Nomad турнирінде кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Ол айқастан кейін жанкүйерлер мен бапкеріне алғыс айтып, мұнымен шектелмейтінін жеткізді.

Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Астанада өткен IBA Nomad турнирінде кәсіби бокстағы дебютінен кейін әсерімен бөлісті.

«Қазақстан халқына, Астанаға сәлем жолдаймын. Баршаңызға алғыс айтамын, қолдауыңызды сезіндім. Оңай болған жоқ, бұл — үлкен жолдың бастауы деп ойлаймын. Мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Бапкеріме де рақмет айтқым келеді. Тағы не айта аламын, сәл толқып тұрмын, он раунд оңай болған жоқ — біз әдетте үш раундтан бокстасуға үйренгенбіз», — деді Тәшкенбай.

Тәшкенбай мен филиппиндік Нил Хакамос арасындағы 10 раундтық жекпе-жек бірінші жеңіл салмақта вакантты IBF Asia титулы үшін өтті. Айқас қазақстандық боксшының төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңісімен аяқталды.

Кездесу барысында Хакамос бесінші және сегізінші раундтарда нокдаунға түсті.