weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Бокс 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Еркебұлан Тоқтар Исроиловты екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты

Қазақстандық Еркебұлан Тоқтар Астанада өткен IBA Nomad турнирінде өзбекстандық Бобиржон Исроиловты мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

Еркебұлан Тоқтар Исроиловты екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты Еркебұлан Тоқтар Исроиловты екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты
Sports.kz

Қазақстандық боксшы Еркебұлан Тоқтар Астанада өткен International Boxing Day кешінде өзбекстандық Бобиржон Исроиловты мерзімінен бұрын жеңді.

Қос боксшы IBA Nomad лигасының турнирінде суперорта салмақта кәсіби бокс ережесімен кездесті. Тоқтардың бұл айқасқа дейінгі көрсеткіші 2-0, 2 нокаут болса, Исроилов 1-0, 1 нокаут нәтижесімен келген.

Жекпе-жек толық қашықтыққа созылған жоқ. Екінші раундта Еркебұлан Тоқтар техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, бұл нәтиже Тоқтардың кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісі болды. Ал Бобиржон Исроилов мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

.

Көп оқылды:

.
.