Шерзод Давлатов Лозаннадағы Grand Slam жарысында жартылай финалға шықты
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ол ширек финалда олимпиада чемпионы Лука Мхеидзені жеңді.
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жартылай финалға шықты.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давлатов ширек финалда Франция өкілі, олимпиада чемпионы Лука Мхеидзені сенімді түрде ұтты.
Мхеидзе Париж-2024 Олимпиадасында командалық сайыста алтын медаль алған. Сондай-ақ ол жеке жарыста Қазақстан балуаны Елдос Сметовтен жеңілген еді. Француз дзюдошысының қоржынында Токио Олимпиадасының қола медалі де бар.
Енді Шерзод Давлатов финал жолдамасы үшін Оңтүстік Корея спортшысы Харим Лимен белдеседі.