weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Күрес 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шерзод Давлатов Лозаннадағы Grand Slam жарысында жартылай финалға шықты

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ол ширек финалда олимпиада чемпионы Лука Мхеидзені жеңді.

Шерзод Давлатов Лозаннадағы Grand Slam жарысында жартылай финалға шықты Шерзод Давлатов Лозаннадағы Grand Slam жарысында жартылай финалға шықты
Sports.kz

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жартылай финалға шықты.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давлатов ширек финалда Франция өкілі, олимпиада чемпионы Лука Мхеидзені сенімді түрде ұтты.

Мхеидзе Париж-2024 Олимпиадасында командалық сайыста алтын медаль алған. Сондай-ақ ол жеке жарыста Қазақстан балуаны Елдос Сметовтен жеңілген еді. Француз дзюдошысының қоржынында Токио Олимпиадасының қола медалі де бар.

Енді Шерзод Давлатов финал жолдамасы үшін Оңтүстік Корея спортшысы Харим Лимен белдеседі.

.

Көп оқылды:

.
.