weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Футбол 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Твенте» капитаны «Қайратпен» өтетін матчқа қатысты пікір айтты

Нидерландтың «Твенте» клубының капитаны Робин Проппер Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі жеребе қорытындысына тоқталды. Сол жеребеде команда Алматының «Қайратын» қарсылас ретінде алды.

«Твенте» капитаны «Қайратпен» өтетін матчқа қатысты пікір айтты «Твенте» капитаны «Қайратпен» өтетін матчқа қатысты пікір айтты
Sports.kz

Нидерландтың «Твенте» клубының капитаны Робин Проппер Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне арналған жеребе жайлы ойын айтты. Жеребе қорытындысы бойынша оның командасы Алматының «Қайратын» қарсылас ретінде алды.

«Твенте» футболшылары жеребені Әзірбайжаннан ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде тамашалаған. Оған дейін команда «Қарабақты» 4:1 есебімен ұтып, жалпы кезеңге жолдама алған еді.

Жеребе нәтижесінде нидерландтық клуб өз алаңында кипрлік «Пафоспен», алматылық «Қайратпен» және швейцариялық «Тунмен» кездеседі. Сырт алаңда «Фрайбург», «Линкольн Ред Импс» және «Орхусқа» қарсы ойнайды.

Проппер үшін ұшу үстінде жеребені көру ерекше сәт болғанын атап өтті. Ол команда үшін мұның соңғы күндердегі қызық тәжірибелердің бірі болғанын айтты.

«Бұл өте ерекше тәжірибе болды — кеше кешкісін болған оқиғадан кейін бәріміздің ұшақтың ішінде жеребені бірге тамашалауымыз. Даан Ротс Қазақстанға барғысы келді, өйткені Баку бізге қатты ұнады. Бірақ Қазақстанға ұшу Бакуге қарағанда тағы бір жарым сағатқа ұзақ. “Қайрат” Энсхеде келетініне қуаныштымын», — деді Проппер.

«Қайраттың» өзге қарсыластары қатарында гректің «Панатинаикосы», италиялық «Аталанта», румынның «Университатя» Крайова, шведтің «Мьельбюі» және латвиялық «Рига» бар.

.

Көп оқылды:

.
.