Қазақстандық ММА жауынгері Нұрсұлтан Мендібаев допинг сынамасынан оң нәтиже шыққаннан кейін алты жылға жарыстардан шеттетілді.
Халықаралық тестілеу агенттігі оның сынамасынан дростанолон метаболиті мен мельдоний табылғанын хабарлады. Тыйым салынған заттар 2025 жылғы 22 маусымда Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен ММА-дан әлем чемпионатындағы жарыс кезінде алынған сынамадан анықталған.
Хабарламаға сәйкес, спортшы туралы іс қозғалғаннан кейін бірден уақытша жарыстан шеттетілген. Кейін шешім GAMMA антидопинг ережелерінің 8.3.3-бабына сай қабылданып, ауырлататын мән-жайлар ескерілгеннен кейін тыйым мерзімі алты жылға дейін ұзарған.
Осылайша, шеттету мерзімі 2026 жылғы 12 тамыздан 2032 жылғы 11 тамызға дейін күшінде болады. Сонымен қатар, 2025 жылғы 22 маусымнан бері тіркелген барлық спорттық нәтижелері аннулирленді.
Мендібаев GAMMA аясындағы ММА әлем чемпионы атанған. Бұған қоса, ол панкратион, грэпплинг және самбодан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Кәсіби деңгейде NAIZA мен RFC лигаларында өнер көрсеткен, соңғы жекпе-жегін 16 мамыр күні RFC турнирінде өткізіп, Армения өкілі Меружан Паляна есе жіберген.
Шешімге шағымдануға құқығы бар тараптар CAS-тың апелляциялық палатасына жүгінуге мүмкіндік алады.