Футбол

Мбаппенің хет-тригі «Реалға» Ла Лигада ірі жеңіс сыйлады

Мадридтің «Реалы» кейінге қалған алғашқы тур ойынында өз алаңында «Реал Сосьедадты» 4:1 есебімен ұтты. Килиан Мбаппе үш гол соғып, матчтың басты кейіпкеріне айналды.

Мадридтің «Реалы» Испания чемпионатының кейінге қалдырылған алғашқы турында өз алаңында «Реал Сосьедадпен» кездесті. Ойында Килиан Мбаппе хет-трик жасап, командасына 4:1 есебімен ірі жеңіс әкелді.

Есеп 40-минутта ашылды. Мбаппе алғашқы голын соққанымен, араға төрт минут салып қонақтар сапындағы Лука Сучич таразы басын теңестірді.

Екінші таймда мадридтіктер басымдығын күшейтті. 60-минутта Мбаппе тағы бір мәрте көзге түссе, 68-минутта Винисиус Жуниор есепті 3:1-ге жеткізді.

80-минутта француз шабуылшысы хет-трикін рәсімдеп, кездесудің соңғы нүктесін қойды — 4:1.

Еске салайық, бұған дейін екінші турда «Реал» «Эспаньолды» 2:1 есебімен жеңсе, «Реал Сосьедад» «Бетиске» 0:1 есебімен жол берген еді.

30 тамызда мадридтік клуб «Малаганы» қабылдайды. Ал «Реал Сосьедад» бір күн бұрын өз алаңында «Эспаньолмен» ойнайды.