weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Күрес 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан кадет-дзюдошыларын әлем чемпионатындағы тарихи жетістік үшін марапаттады

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлем чемпионатында 11 медаль жеңіп алған қазақстандық кадет дзюдошылар мен олардың бапкерлерін марапаттады. Ел құрамасының аралас командалық сайыстағы жеңісі Қазақстан дзюдосы тарихындағы ерекше белес ретінде бағаланды.

Қазақстан кадет-дзюдошыларын әлем чемпионатындағы тарихи жетістік үшін марапаттады Қазақстан кадет-дзюдошыларын әлем чемпионатындағы тарихи жетістік үшін марапаттады
Qazinform

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлем чемпионатында 11 медаль иеленген қазақстандық жас дзюдошылар мен олардың бапкерлеріне марапат тапсырды. Шара барысында бұл нәтиже қазақ дзюдосы тарихындағы ең жарқын жетістіктердің бірі екені атап өтілді.

Министрдің айтуынша, елде дзюдоға айрықша көңіл бөлініп келеді, ал жас спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Ол кадеттердің әлем чемпионатындағы тарихи нәтижесі осы жұмыстың нақты жемісі екенін айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас дзюдошыларымызға жолдаған құттықтауы — үлкен мәртебе ғана емес, сонымен бірге зор жауапкершілік. Алда әлі талай жетістік бар, халықаралық жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғап, көк байрағымызды биіктете берулеріңізге тілектеспін», — деді Ербол Мырзабосынов.

Марапаттау рәсімінде команданың табысына үлес қосқан бапкерлер мен спорт саласының өкілдері де назардан тыс қалмады. Кеңесші бапкер Седрик Таймэнс дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін марапат алды. Сондай-ақ Мейрлан Баймаханбетов, Талғат Тұрсынов, Сұлтан Үтешов, Бағдат Ерғазы, Алтынбек Сыпығалиұлы және Алмас Несіпберлинұлы спорттағы жоғары жетістіктері үшін танылды.

Дзюдо федерациясы президенттерінің орынбасарлары Серікбол Уразалин мен Ержан Зейдинов те Туризм және спорт министрлігінің құрмет грамотасына ие болды. Сонымен бірге әлем чемпионатының 15 жүлдегеріне алғыс хат табысталды.

Олардың қатарында −60 келіде және командалық жарыста алтын алған Ғабит Рәсулхан, +90 келіде әрі командалық сында чемпион атанған Әділжан Жәудинов, сондай-ақ −52 келіде әлем чемпионы болған Фатима Сыпығалиқызы бар. Күміс және қола жүлдегерлер де марапатталды. Ал командалық жарыстағы жеңіс үшін аға бапкер Мейрлан Баймаханбетовке арнайы ақшалай сыйақы берілді, ал жеке бапкерлер Саламат Отарбаев, Айбек Садыков және Берік Жетпісбайұлы министрліктің құрмет грамотасы мен дзюдо федерациясының қаржылай сыйлығына ие болды.

Бұған дейін Қазақстан кадет дзюдо әлем чемпионатында аралас командалық жарыста алғаш рет топ жарып, тарих жасағаны хабарланған еді.

.

Көп оқылды:

.
.