Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов азербайжандық «Сабахты» Лига чемпиондарының жалпы кезеңіне алып шықты. Ол команданы капитан ретінде бастап шығып, клуб тарихындағы ең ірі нәтижеге жетуге үлес қосты.
Шешуші плей-офф кезеңінде «Сабах» израильдік «Хапоэль» Беэр-Шеваны жалпы есеппен 6:4 есебімен тізе бүктірді. Алғашқы кездесуде әзербайжандық клуб сырт алаңда 1:2 есебімен ұтылғанымен, 25 тамызда өз алаңында 5:2 есебімен жеңіп, қосымша уақытта таразыны өз жағына аударды.
Покатилов бұл матчта толық 120 минут ойнап, сенімді ойын көрсетті. Кездесу соңында ол капитандық таңғышпен алаңға шықты.
Осылайша, қазақстандық қақпашы шетелдік клуб сапында Лига чемпиондарының негізгі кезеңіне шыққан алғашқы қазақстандық қақпашы ретінде тарихқа енді. Бұған дейін Алексей Попов пен Александр Меркель еурокубоктың негізгі сатысында ойнағанымен, олар ол кезде Қазақстан құрамасының ойыншысы болған жоқ.
Покатилов үшін бұл жетістік жеке мансаптағы маңызды белеске айналды. 33 жастағы қақпашы қазір «Сабахтың» да, Қазақстан құрамасының да маңызды ойыншыларының бірі саналады.