Чех теннисшісі, Уимблдон-2023 чемпионы Маркета Вондроушова Спорттық арбитраж сотына (CAS) апелляция берді. Ол антидопинг ережесін бұзды деген негіздегі төрт жылдық шектеумен келіспейді.
Вондроушова өткен жылдың желтоқсанында допинг-тест тапсырудан бас тартқаннан кейін Халықаралық теннистегі адалдық агенттігі (ITIA) оны төрт жылға шеттеткен. Теннисші сол сәтте қатты физикалық әрі эмоциялық қысымда болғанын алға тартып отыр.
Тағы бір уәжі — оқиғадан үш күн өткен соң тапсырылған талдаудың нәтижесі теріс шыққан. Қазір апелляция бойынша тыңдау күні белгіленген жоқ.
Вондроушова 2026 жылғы 22 маусымда ITIA шешімімен ресми түрде төрт жылға спорттан шеттетілді. Сол кезде ол тізедегі ауыр жарақатына байланысты қаңтардан бері кортқа шықпағандықтан, әлемдік рейтингте 122-орында тұрған еді.
Чех теннисшісінің мансабындағы ең жоғары көрсеткіші — WTA рейтингіндегі 6-орын. Ол бұл межеге алғаш рет 2023 жылғы қыркүйекте, Уимблдондағы жеңісінен екі ай өткен соң көтерілді.