Қазақстанның екінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open басталар алдында Нью-Йоркте өткен The Pros Serve шарасына қатысты.
Рыбакина бұл жиында ресейлік теннисші Карен Хачанов және италиялық Маттео Арнальдимен бірге The Parliament мекемесінде өздерінің балмұздақ нұсқасын жасады.
Елена Рыбакина, Карен Хачанов және Маттео Арнальди бүгін кешке «The Pros Serve» аясында өз балмұздақтарын әзірледі
Теннисшінің бұл шараға шығуы оның жақында алған жарақатына байланысты ерекше назар аудартты. Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында польшалық Ига Швентекке қарсы матчты аяқтай алмай, бірінші сетте есеп 1:4 болғанда жарыстан шығып қалған еді.
Осыдан кейін ол US Open-нің микст санатындағы жарыстан бас тартты. Бұл бәсекеде қазақстандық теннисші америкалық Тейлор Фритцпен бірге өнер көрсетуі керек болатын.
Рыбакина Нью-Йоркте әзірге жаттығу кортына шықпағанын, бірақ қалпына келу үдерісі жақсы жүріп жатқанын айтты. Ол алдағы күндері жаттығуды қайта бастап, жекелей сындағы алғашқы матчының алдында толық дайындалуға ниетті.