Қазақстан футбол федерациясының Академиясындағы U-16 командасының аға бапкері Асхат Қусаинов қызметін аяқтап, жаңа жұмысқа ауысты.
Енді маман Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін Ақтау клубы «Каспийде» бас бапкердің көмекшісі ретінде еңбек етеді.
«Каспийдің» бас бапкері — 41 жастағы қазақстандық маман Руслан Есатов. Клуб оның қайта оралғанын 24 тамызда ресми түрде хабарлаған еді.
Есатов бұған дейін де ақтаулық ұжымды басқарған. Сол кезеңде ол команданы Бірінші лига чемпионы атандырған.
Қазір 22 турдан кейін «Каспийдің» қоржынында 23 ұпай бар. Ақтаулықтар турнир кестесінде 10-орында тұр.