Күрес

Чарльз Оливейра Арман Царукянмен реванштан неге бас тартқанын айтты

Бұрынғы UFC чемпионы Чарльз Оливейра Арман Царукянмен қайта жекпе-жек өткізу ұсынылғанын растады. Бразилиялық спортшы мұндай кездесуге дайындалуға уақыт жетпегенін және жеке қайғылы жағдай да әсер еткенін айтты.

UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейраға Арман Царукянмен реванш өткізу ұсынылғаны белгілі болды. Алайда бразилиялық файтер сол кезде мұндай айқасқа дайындалуға мүмкіндік болмағанын айтты.

Оливейраның сөзінше, жекпе-жек тек қараша мен желтоқсан аралығында өтуі мүмкін еді. Бірақ кейін жағдай өзгеріп, бұл жоспар жүзеге аспай қалған.

«Жоқ, шын мәнінде маған бұл жекпе-жек ұсынылды. Мен оның аса қолайлы болмайтынын, тіпті іс жүзінде мүмкін еместігін айттым, өйткені мұндай айқасқа уақыт жетпеді. Бұл жекпе-жек қараша мен желтоқсан аралығында өтуі мүмкін еді — айтылғаны тек осы. Бірақ кейін Алланға қатысты жағдай болды, содан соң Руффидің іске араласқанын көрдік», — деді Оливейра.

Бразилиялық спортшы бұл ретте ұзақ жылдар бірге жаттыққан серігі Аллан Насиментудың қазасын меңзеді. Ал Царукян мен Оливейраның реваншы 19 қыркүйекте Лос-Анджелесте өтетін UFC 331 турнирінде жоспарланған еді.

Алайда соңында Арман Царукянның қарсыласы Маурисио Руффи болып бекітілді. Еске салайық, Царукян мен Оливейраның алғашқы кездесуі 2024 жылдың сәуірінде UFC 300 турнирінде өтіп, ол кезде ресейлік файтер төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жеткен еді.