Хабиб Мейвезермен жекпе-жектен неге бас тартқанын түсіндірді
Хабиб Нұрмагомедов Флойд Мейвезермен айқас үшін ұсынылған 100 миллион доллардан неге бас тартқанын айтты. Ол мұндай жекпе-жекті ақша үшін жасамайтынын жеткізді.
UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нұрмагомедов аты аңызға айналған боксшы Флойд Мейвезермен жекпе-жекке неге келіспегенін түсіндірді. Оған бұл айқас үшін 100 миллион доллар ұсынылған еді.
«Бұл — ақша үшін жасалатын жекпе-жек. Бірақ мен бұған ешқашан келіспеймін, өйткені мұраға құрметпен қараймын. Мейвезерді адам ретінде айтсақ, ешкім оған ұқсағысы келмейді. Мұхаммед Әлиді қараңыздар. Ол арамызда жоқ, бірақ миллиондаған адамға, соның ішінде мұсылмандарға да шабыт берді», — деді Нұрмагомедов жанкүйерлермен кездесу кезінде.
100 миллион доллар көлеміндегі ұсыныс Хабибке 2020 жылдың басында, оның спорттық мансабын ресми аяқтауға аз уақыт қалғанда жасалған. Кейін 2021 жылы, ол спорттан кеткенін жариялаған соң, бұл ұсыныс қайта көтерілді.
Мұндай мегаайқасты Сауд Арабиясынан келген инвесторлар ұйымдастыруды көздеген. Ал UFC президенті Дана Уайт бұл оқиғаның өтуін қолдаған.
Хабиб кәсіби мансабын 2020 жылдың қазан айында аяқтады. Ол 29 жеңіспен 29 жекпе-жекте жеңілмеген күйі спорттан кетті және содан бері октагонға қайта оралмайтынын бірнеше рет айтқан.