Бельгиялық «Андерлехттің» сербиялық шабуылшысы Михайло Цветкович Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алматылық «Қайратқа» қарсы жауапты матч жайлы ойын айтты.
Оған қоса, футболшыдан жазғы трансфер кезеңінде клубтан кетуі мүмкін бе деген сауал да қойылды. Цветковичтің айтуынша, ол қазір толықтай «Андерлехтке» көмектесуге ден қойған.
«Менің барлық назарым «Андерлехтте». Командаға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмын, бұл — менің жұмысым. Ертеңгі матчқа дайынмын. Жалпы кезең туралы қазір ойлап жүрміз бе? Жоқ, өйткені жұмыс әлі аяқталған жоқ. Біз қайтадан жігерге толымыз және «Лотто Паркта» лық толған трибуналар алдында ойнауды асыға күтеміз. Біз жексенбі туралы ойламаймыз, бүкіл назарымыз ертеңгі матчта. Күн сайын, әр жаттығуда біз шоғырды сақтауға тиіспіз. Бапкер бізден соны талап етеді», — деді Цветкович.
Алғашқы ойын Алматыда өтіп, «Андерлехттің» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталған еді. Қарымта матч 27 тамыз күні Брюссельде, Қазақстан уақытымен 23:30-да басталады.
Айта кетейік, бельгиялық клубты жексенбі күні «Юнионға» қарсы қала дербиі күтіп тұр.