weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Жаңалықтар 1
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бибісара Асаубаева Франциядағы супертурнирде рапид чемпионы атанды

Сен-Тропеде өткен WR Women’s Chess Tour 2026 Europe кезеңінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева рапид бәсекесінде топ жарды. Ол финалда украиналық Мария Музычукты жеңіп, турнирдің алғашқы күнін 5,5 ұпаймен аяқтады.

Бибісара Асаубаева Франциядағы супертурнирде рапид чемпионы атанды Бибісара Асаубаева Франциядағы супертурнирде рапид чемпионы атанды
Sports.kz

Францияның Сен-Тропе қаласында өткен WR Women’s Chess Tour 2026 Europe супертурнирінде Бибісара Асаубаева рапид сайысында чемпион атанды.

Ширек финалда қазақстандық шахматшы Германияның гроссмейстері Элизабет Петцті тай-брейкте ұтты. Жартылай финалда Грузия өкілі Нино Бациашвилимен кездесіп, шешуші «Армагеддонда» қара тастармен тең нәтиже тіркеп, финалға жолдама алды.

Титул үшін өткен финалда Асаубаеваның қарсыласы украиналық Мария Музычук болды. Бірінші партияда Бибісара қара фигуралармен жеңіске жетсе, екінші партияда да басымдық қазақстандық спортшы жағында болды.

Осылайша, турнирдің алғашқы күнін 5,5 ұпаймен түйіндеген Бибісара Асаубаева WR Women’s Chess Tour 2026 Europe кезеңінің рапид жарысында чемпион атанды.

Енді бұл кезеңде блиц турнирі басталады. Сетка қайтадан ширек финалдан құрылады, ал жарысқа қатысқан сегіз шахматшы екінші жүлде үшін тағы бақ сынайды.

.

Көп оқылды:

.
.