Үлкен теннис

Рыбакина US Open алдында WTA чемпиондық жарысында көш бастады

Елена Рыбакина Солтүстік Америка турнирлер сериясынан кейін WTA-ның чемпиондық жарысында бірінші орынға көтерілді. Қазір оның басты бәсекелестері арасындағы алшақтық қысқарып, US Open нәтижесі көшбасшылықты өзгертуі мүмкін.

Tennis Up to Date басылымы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның US Open-2026 қарсаңындағы WTA чемпиондық жарысындағы жағдайын бағалады.

Солтүстік Америкадағы турнирлер сериясының қорытындысы бойынша Рыбакина бірінші орынға шықты. Ол Canadian Open жарысында финалға дейін жетіп, кейін Цинциннатидегі WTA 1000 санатындағы турнирде ширек финалға өтті.

«Рыбакинаның бірінші орынға көтерілуі оның қатты жабын алаңдардағы әсерлі ойынының нәтижесі болды. Ол Canadian Open финалына дейін жетті, одан кейін Цинциннатиде ширек финалға шығып, чемпиондық жарыста барлық қарсыласынан алға озуға жеткілікті ұпай жинады», — делінген жазбада.

Сонымен бірге, негізгі қарсыластарының арақашықтығы айтарлықтай қысқарған. Кори Гауфф Цинциннатидегі жеңісінен кейін бесінші орынға көтерілді және енді Рыбакинадан шамамен 600 ұпайға қалып отыр. Бұған дейін көшбасшылардан едәуір алыстап кеткен Джессика Пегула да үздік топқа қайта оралды.

«Бұл жағдай US Open турнирінің маңызын одан әрі арттырады. Үміткерлердің кез келгенінің сәтті өнер көрсетуі жағдайды түбегейлі өзгертуі мүмкін. Рыбакина, Арина Соболенко және Мирра Андреева Нью-Йорктен чемпиондық жарыстың көшбасшысы ретінде қайтуға нақты мүмкіндікке ие», — деп жазды басылым.