«Реал» Ян Диомандені клуб тарихындағы ең қымбат ойыншы ретінде таныстырды
Мадридтің «Реал» клубы «Сантьяго Бернабеуде» 19 жастағы қанат ойыншысы Ян Диомандені ресми түрде көпшілікке ұсынды. Ивуариялық футболшы үшін испаниялық алпауыт 140 миллион еуро төлеген.
Мадридтің «Реал» клубы «Сантьяго Бернабеу» стадионында 19 жастағы қанат ойыншысы Ян Диомандені ресми түрде таныстырды.
Жаңа ойыншы өз сөзінде «Реал Мадридті» әлемдегі ең ұлы клуб деп атап, мұнда ойнауды бүкіл әлем армандайтынын айтты. Ол команда үшін бар күшін салуға дайын екенін жеткізді.
«Реал Мадрид» — әлемдегі ең ұлы клуб. Бүкіл әлем «Реалға» ауысуды армандайды. Мен бәрімді саламын. Осындай барлық жүлделерді көргенде, келесі трофейді жеңіп алуға деген ынта одан сайын артады. Ла Лига мен Чемпиондар лигасында жеңіс үшін күресу өте толқынысты. Неге бұған биылдан бастамасқа?» — деді Диоманденің өзі.
Диоманденің трансфері «Реал» тарихындағы ең қымбат ауысым болды. Клуб ивуариялық футболшы үшін 140 миллион еуро төледі.
Оның соңғы клубы «РБ Лейпциг» еді. Өткен маусымда Ян бұл команда сапында 46 матч өткізіп, 15 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.